Больше рецензий

31 июля 2022 г. 16:40

561

0 Бүркіт пен Бәтес

 Сәбит Мұқанов "Мөлдір махаббат"

_____________________________

Бұл кітап өмір бақи бірге боламыз деген Бүркіт пен Бәтестің мөлдір махаббатыжәне Мүсәпірдей мүсәпір болған адамдардың халі арқылы халқымыздың қилы кездегі оқиғалары баяндалған.

Іші тұнып тұрған 1916-1928 ж қазақ саясаты,тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық тап, бай & кедейдің жыры, сондай-ақ опасыздық,аямаушылық, мейірімді жандар мен білімге ұмтылған жастар, Совет Одағын жақтағандар мен жақтамаған: ақ пен қызылдар, Амангелді мен Алашорданың билігі жайлы танысасыз.

Әдемі тіл, жаңа сөздер, қазақтың XX ғ тұрмысы мен адамдарының мінездерін керемет жеткізген. 

514 б, майда шрифтпен жазылған бұл романды рекомендеймін

Оқырмандарды кітап кейіпкерлері шынайы өмірде болған Бүркіт (Сұлтанбек Әбеуұлы) пен Бәтестің (Бәтима Мақашқызы) және Мүсәпірдің (Мұстафа Көшековтің) тағдырлары қатты қызықтырды.

Кітапта Бүркіт Жәутіковтың ішкі сезімдерімен тұнық танысасыз. Бір жағынан Бүркіттің жазбасын оқып, оның қырымен таныссаңыз, екінші жақ- Бәтестің жазбасын оқып, тіпті басқаша ойлайсыз.

Осы 2 жазбаны оқып отырып ой келеді  әрқашан тек бір жақты ғана тыңдап, соның көзілдірігін  ғана киіп қана қоймай,2-ші жақтың да ойын тыңдап, оның да  кию қажет,яғни екі жақ әрқашан екі түрлі  

Мөлдір махаббатын қанша аялап, қанша қиындыққа тап келген Бүркіттің өмірін оқып, көңілім құлазыды, Бәтеске жаным ашыды, Бүркітке кейде ашуым келді, кейде аядым, кейде жек көрдім, кейде дұрыс жасадың, кейде обал болды, Мүсәпірді, нағашысы Жақыпбек, оның қарамағындағыларды & әкесі Әбеуді ұнатпадым...

Сәбит Мұқановтың кітаптағы көзқарасы Алашордалықтарды жақтамауы, КСРО-ны қолдауын онша ұнатыңқырамасам да, біраз басқаша қарауды үйрендім. Қандай болса да, әркім өзі үшін жауапты деп бітіремін 

Тез бастаңыз, тек тоқтай алмайсыз 

Кітапқа бағам 9,5/10