Больше рецензий

1 августа 2021 г. 14:26

Лучшее на Лайвлибе

160

5

Дэниел Киз «Цветы для Элджернона»

_________________________

Киздің бұл  романы бестселлер. Кизбен де осы роман арқылы танысамын ба деп ойлап едім, жоқ бұл роман алғашқы болмады. Бұл  кітаппен Билли Миллиганның өмірі жайлы кітаптан кейін танысқаным дұрыс болыпты

 "Әрбір істе хайыр бар" демекші, оның жазу стилімен, оның Ауыр тағдырлы адам психологиясын зерттейтін психолог екенімен, оның ауыр тағдырлы бала өміріндегі "детская травма» жайлы көп жазатынымен әбден таныстым  

Ал кітаптың аты өте нәзік болғанымен, бірақ нәзіктік дегенді еш сездірмейтін роман. керісінше қаталдықты көп баяндайтын, шүкірлік пен шүкірсіздікті, махаббат пен қастаңдықты, отбасындағы жағдайды, әсіресе ата-ана мен ауру баланың арасындағы қатынасты қамтыған.

Кітап маған ұнады. Әрбір жасырын тылсым сөздің ішінде -  мәнді; өте әсерлі; өмірге, адамға деген көзқарасты өзгертетін ойлар; "Сау адамның басындағы тәжді тек ауру адам көре алатыны"; жалпы көп пайдалы мағлұматтар алуға болады.

Чарльз Гордонның өмірін ең алғашқы  парақ бетіне "Атчет" деп қате жазған жазбаларынан бастап, оның әр парақта сол қателердің өзгеруін, тек қана қатенің өзгеруін ғана емес, сонымен қатар өмірін де өзгергеніне айғақ боласыз.

Спойлер жасамай, Одан да кітапты оқуға кеңес беремін