Оглавление
- Даулет Арманович. Көттi қысқан бай болар
- 1 -ШІ тарау. Ақшаны қайдан алу және бизнес нұсқалары
- 1.1 Кәсіпкер
- 1.1.1 Шағын бизнес
- 1.1.2. Кәсіпкер мінезі
- 1.2. Несие мен ірі бизнес
- 1.3.Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар
- 1.4 Жалақы
- 1.5 Инвестициялар
- 1.5.1 Масштабтау
- 1.5.2 Инвестордың имиджі
- 1.5.3 Бір миллионердің әңгімесі
- 1.5.4 Нағыз бай адамның әңгімесі
- 1.6 Кездейсоқ табылған табыс
- 1.7 Үлкен сома
- 1.8 Іс-әрекеттегі бағдар – жеңіс кілті
- 1.8.1 Адамдарды манипуляциялау: нарық vs реттегіш
- 1.8.2 Қысқамерзімді бағыт алғандардың әдеттері
- 1.8.3 Зефирлі тәжірибе
- 1.8.4 FIRE (FINANCIAL INDEPENDENCE, RETIRE EARLY) ҚОЗҒАЛЫСЫ
- 2-ші тарау. Ақшаны қалай басқаруға болады
- 2.1. Автокөлік
- 2.1.1.PORSCHE
- 2.1.2. Ақ піл
- 2.2. Демалыс
- 2.2.1. Туған еліңдегі демалыс
- 2.2.2. Отырыстар
- 2.3. Активтің ішіндегі пассивтер
- 2.3.1.Университет
- 2.4 Жылжымайтын мүлік
- 2.5 Сыйлықтар
- 2.6. Мейрамдар
- 2.6.1.Мерекеге алынған кредит
- 2.7. Жалдамалы пәтер
- 2.7.1. Жалдамалы пәтер, жоспар құру
- 2.7.2. Жалдамалы пәтерлер. Басқа да тәуекелдер
- 2.7.3. Пәтер сатушының айтылмайтын сырлары
- Конец ознакомительного фрагмента
- Главная
- Daulet Armanovich
- 📚 Книги
- Көттi қысқан бай болар
- Читать фрагмент
- 2.6.1.Мерекеге алынған кредит2.6.1.Мерекеге алынған кредит
2.6.1.Мерекеге алынған кредит
Қазіргі уақытта мереке шараларын өткізу – пайдасыз іс. Тұтынушының тиімсіз әдетінің бірі – туған күнін тойлауы. Менің аула сыпырушымның айлығы 250$ болатын. Ол өз мерейтойын атап өту үшін 3000$ несие алған. Көбіміз мұндай әрекетті түсінбейміз. Дегенмен арамызда осылай істеп, туыс, дос-жарандары алдында бір мансабын көтеріп, әсер қалдыратындар да табылып жатыр және де олардың саны басым. Сол себептен де Қазақстанда 18 миллион халқының 7 миллионы – несиеден көз ашпай отырғандар. Ол тек мерей-тойлар ғана емес: атап өткен Жаңа жылдық сыйлықтар, тағы басқа тиімсіз нәрселерге кетіп жатқан қаржылар.
Қазақстанда үйлену тойын өткізгенді жақсы көреді. Оған кем дегенде 10 мың $-дан 500 мың $-ға дейін кетеді. Жақсы ма? Білмеймін. Біреуге сол тойдағы жоғарғы деңгейдегі зал, әртістер, тамада екі жастың бақытының баянды болуына әсер ететін шығар, тойдан тек естелік боп суреттер қалар, алайда тиімдісі – сол тойға кеткен қаражатқа бір іс ашса. Жоқ, бізде той жасап беру-ол дәстүр. Біреуге маңызды, біреуге маңызы жоқ – дәстүр.